Sunday, 24 November,2024

Жағдайы өте ауыр: Қызылордада сүйген қызын қарата алмаған жігіт өзін өртеп жіберді

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қызылордада 37 жастағы ер адам өзін өртеп жіберді. Мұндай бассыз әрекетке сүйген қызының қарамай қойғаны себеп болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қызылорда облыстық полиция департаменті дерегіне сүйенсек, оқиға 30 шілде күні болған. Ер адам сүйген қызын қарата алмай, ақырында ашуға ерік беріпті. Осылайша ызамен үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген.

"Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер науқастың жағдайы өте ауыр екенін айтуда.

Ұсынылатын