Жаһандық жылыну жердегі тіршіліктің тоқтауына алып келуі мүмкін
БҰҰ басшысы Анитонио Гутериш соңғы жылдары жаһандық жылыну салдарынан жер өмір сүруге жарамсыз болып бара жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды Уақыт. кз.
БҰҰ ресми сайтындағы дерекке сүйенсек, соңғы уақытта жаһандық жылыну процесі жыл сайын 1,5 градус цельсий шегінде байқалуда. Егер бұл мөлшерден асып кетсе климаттық апат көбеймек.
Тіпті соңғы жылдары жер сілкінісі, цунами мен құрғақшылық жиі тіркелуде. Жылыну салдарынан мұздықтар еріп, теңіз деңгейі көтеріледі. Тіпті флора мен фауна әлеміндегі көптеген түрдің, кей елді-мекеннің жойылуына алып келуі мүмкін.
“Қазіргі уақытта температураның шектік деңгейін қалыпты ұстауға күш салу керек. Қазба жұмыстарын азайтып, энергия көздерін алу жүйесін өзгерту керек. Бұған бей жай қарауға болмайды. Барлық мемлекет жаөандық жылыну салдарымен күресуі тиіс”, - дейді ол.