Зайсанда жылу қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты
Uaqyt.info

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында моншаның жылу қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты. Тағы 2 адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Uaqyt.info «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Ресми мәліметке сүйенсек, оқыс оқиға кезінде моншада адам болмаған. Қазір мамандар жартылай қираған ғимаратты бөлшектеп, тазалап жатыр.