Friday, 22 November,2024

Жайылымда жүрген жылқыларды сойып сатқан ұрылар ұсталды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Жамбылда жайылымнан жылқы ұрлағандар анықталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жамбыл облысы полиция қызметкерлері "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында қылмыстық топтың іс-әрекеттерін әшкереледі.

Олардың алдын ала сөз байласу арқылы Байзақ, Жамбыл аудандарының аумағындағы жайылымдардан бірнеше рет жылқы малдарын ұрлап, содан кейін оларды сойып, сатумен айналысқандары белгілі болды.

Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сондай-ақ, олардың бұдан басқа 4 мал ұрлау дерегіне қатыстылығы және ұрланған 5 жылқы малын сойып сатқандығы анықталды.

Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Мал ұрысы" республикалық iс-шарасы облыс аумағында ағымдағы жылдың 23 ақпанына дейін жалғасатын болады.

Ұсынылатын