Friday, 22 November,2024

Жайық өзенінің су деңгейі тағы көтерілді

Uaqyt.info
Фото

Осыған байланысты Махамбет ауылы мен Сарытоғай ауылы ортасындағы жол арасы жырылып, қатынас уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлімдеді.

"Жайық өзені жағы бетінен өр суы мол келуде. Су деңгейін азайту мақсатында арнайы техникалардың көмегімен ауыл аралық жол бұзылып, ұзындығы 11 метр, ені 1,5 метрлік 2 дана құбыр тұрбасын салу жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты, жол қатынасы уақытша тоқтатылып, ауыл тұрғындарына жағдай толықтай түсіндірілді" деп нақтылады Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Махамбет ауылдық округі мен Сарытоғай ауылын жалғап жатырған жолдың жалпы ұзындығы 5 шақырым.

Махамбет, Сарытоғай ауылдарында 12 924 адам тұрады.

Ұсынылатын