Friday, 3 May,2024

Жайық өзенінен ер адамның мәйіті табылды

Uaqyt.info
Фото

Атырауда Жайық өзенінен белгісіз ер адамның денесі табылды. Су бетінде қалқып бара жатқан оның мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, табылған мәйіттің нақты кім екені әзірге белгісіз.

“14 сәуірде сағат 18:10 шамасында Жайық өзенінің "Атырау" ықшам ауданындағы жағасынан белгісіз ер адамның мүрдесі табылды. Қазір осыған байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды”, - делінген хабарламада.

Ұсынылатын