Saturday, 5 October,2024

Жалаң қолмен бұқа жығу: Үндістанда жануармен алысатын дәстүрді қайта дәріптеуге рұқсат берілді

Алмас Абылай
Фото ВВС

Үндістанның жоғарғы соты елдің оңтүстігінде 2500 жылдық тарихы бар дәстүрді қайта дәріптеуге рұқсат берді. Онда тұрғындар жалаң қолмен бұқаны бағындыруы керек, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Үндістанның Таилнанд штатында Джаликатту ойындарын өткізуге рұқсат берілді. Бұл аласұрған сиырды жалаң қолмен бағындыру дәстүрі. Үндістанда бұл ойынның сан түрі бар. Яғни бұрындары сиыр мүйізіне алтын, әшекей сынды қымбат заттар іліп, соны алу дәстүрі немесе аласұрған сиырды жалаң қолмен күреске шығып құлату түрлері ойналатын. Тіпті дәстүрге сай кейде сый орнына қыз тігіп, бұқаны жеңген жігіт әйелдікке алып кетуші еді.

Көп ұзамай бұл дәстүрді жануарларға жаны ашыған бір топ белсені тоқтатуды ұсынды. Осылайша 2006 жылы белгілі бір талаптары жойылып, 2014 жылы елде толықтай Джаликатту ойыны тоқтатылған.

Үндістан халқы дәстүрге балта шабылды деген дабылмен қаншама рет наразылыққа шықты. Ақырында 2019 жылы ойындарды қалпына келтірді. Бірақ оның талаптары өзгерген. Себебі халық денсаулығына, өміріне қауіпті ойын саналды.

Осылайша азаматтар арнайы жіберілген сиыр өркешінде 15-20 метрге дейін ілініп тұра алса жеңімпаз атанды.

Негізінен аталмыш ойындар кезінде көптеген адам қаза болатын. Көбіне сиыр жарақатынан емес, көрермендер арасында тіркелді. Өйткені қалың халық қызыққа берілемін деп бір-бірін таптап, құлатып жүре беруші еді.

Ұсынылатын