Saturday, 23 November,2024

Жәлепте де жәлеп бар: Қырғызстанда ауқатты отбасыдан шыққан арулар жезөкшелікпен айналысқан

Uaqyt.info
Фото

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бастығы Қамчыбек Ташиев мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оның айтуынша, Қырғызстанда сұлулық байқауларының қатысушылары, жүздеген мың жазылушысы бар қыздар, ауқатты отбасылардан шыққан қыздар, бизнесмендер мен шенеуніктерге интим қызмет түрін ұсынып келген. Тексеру жүргізу барысында мессенджерлердегі арнайы топтар анықталған, олардың құрамына 18 бен 25 жас аралығындағы 200-ге жуық модель бойжеткен кірген. Олардың бір сағаттық қызметінің құны 500-3000 долларды құрапты.

«Танымал әлеуметтік желілер анықталды. Онда жас қыздар, сұлулық байқауының қатысушылары, жүздеген мың жазылушысы бар қыздар жезөкшелікпен айналысқан. Мұнда ауқатты отбасыдан шыққан қыздар бар . Біз олардың қызметін пайдаланғандардың толық тізімін белгіледік. Сондай-ақ топтардың әкімшілері де ұсталды», — деді Ташиев.

 

 

Ұсынылатын