- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- Жалған жарнама, жалған заңгер: павлодарлық тұрғынды алаяқтар 13 млн теңгеге сан соқтырған
Жалған жарнама, жалған заңгер: павлодарлық тұрғынды алаяқтар 13 млн теңгеге сан соқтырған
Павлодарлық тұрғын жалған жарнама мен жалған заңгерге алданып, 13 млн теңгесінен айырылып қалды, – деп хабарлайды Uaqyt.info.
Павлодар қаласының тұрғыны полицияға 2023 жылдың қараша айында үйде отырып, әлеуметтік желіде ҚазМұнайГаздағы инвестициялар туралы хабарландыруды көргені туралы жүгінді.
– Бұл жарнама мені қызықтырды, содан кейін мен аталған сілтеме бойынша өтіп, өзімнің сауалнамалық деректерімді тіркедім және банк картасын ұсынып, пайданы ұлғайту үшін шамамен 6 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат салдым. Содан кейін мен акцияларды алғаным туралы қолхат жаздым және ешкімге шағымым болмады. Бірақ біраз уақыттан кейін менімен байланыста болған адам жауап беруді тоқтатты, – деді жәбірленуші.
Әрі қарай, ақшаны қайтаруға тырысып, ол алаяқтыққа қатысы бар сайтты зерттей бастады. Ақшаны қайтару үшін әйел оған көмектесуге келіскен адвокатқа жүгінді.
Бір сағаттан кейін “заңгер” алаяқтарды тапқанын хабарлады, бірақ ақшаны қайтару үшін ол қызмет үшін мемлекеттік бажды төлеуі керек. Әйел жалған заңгердің шарттарына келісе отырып, әлеуметтік желі арқылы өзінің дербес деректерін ұсынған және бір ай ішінде “заңгерге” 7 млн теңгеден астам ақша аударған. Осыдан кейін” заңгер” жоғалып кетті.
– Полиция осы алаяқтыққа қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған іс-шаралар өткізіп жатыр. Тек қаңтар айында Павлодар облысының аумағында алаяқтықтың 108 фактісі тіркелген. Полиция еске салады, алаяқтар жарнамаларды тарататын және тұрғындарды ірі жобаларға ақша салуға шақыратын арнайы сайттар, қосымшалар мен әлеуметтік медиа беттерін жасайды. Сендіру үшін олар танымал компаниялар мен банктердің, жаңалықтар порталдарының логотиптерін пайдаланады, сонымен қатар белгілі тұлғаларды мүше ретінде атайды. Бірақ мұндай жарнамалардың барлығы шындыққа жанаспайды және интернеттегі алаяқтық белгілері бар. Сақ болыңыз, – деп ескертеді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.