- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Заманбекті Мақпалдың өлтіргені рас па? Әнші халықтың алдында бар шындықты айтты
Заманбекті Мақпалдың өлтіргені рас па? Әнші халықтың алдында бар шындықты айтты
Халық әртісі Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің жұмбақ өліміне қатысты бар шындықты айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алматыда өткен концертінде Мақпал Жүнісова күйеуі Заманбек Нұрқаділов туралы ел білмейтін құпияны ашты. Оның айтуынша, күйеуінің өліміне әлі күнге оны кінәлайтындар көп екен.
“Біресе анау өлтірді, біресе мынау өлтірді дейді. Енді соңында келіп мені өлтірді деп айтпаса болды. Оны да күтуге болады. Оны да естіп жатырмын. Туған балалары сондай әңгіме таратып жатқан көрінеді. Мақпалдың өлтіруі мүмкін деген. Алла бар ғой төбеде. Қолымыз қан болса, осылай жүрмес едік. Зәкең де ондай азамат емес қой: “Мақпал мен үш рет ата сал” дейтін”, - деді әнші.
Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов атылған күні үйде болғанын айтады. Бірақ күйеуі сол кеште әншіге үйден шықпауға бұйрық беріп, жанына жолатпапты. Ал өлгеннен кейін полицейлермен бар шаруаны ұлы Қайрат Нұрқаділов тындырыпты. Бейнебақылау камераларына түскен таспаларды да сол ұлы тәртіп сақшыларына өткізген.
“Қайтыс болған күні мен үйде болдым, құрметті Қайрат Нұрқаділов. Сізге жауап берейін халықтың алдында. Бәрі біледі, шопыр да біледі. Мен үйден шыққан жоқпын. Бірақ ол кісіні екінші үйде атып кеткен. Шамамен 19.15-те атыпты. Өйткені 18.40-та мен ол кісімен сөйлестім. Ол кісі маған “мына үйге жолама” деп айқайлады. “Неге?” деп едім, “үйге жолама, ана үйге тез қайт” деді балконнан. Оның неліктен бұлай айтқанын кейіннен білдік қой. Соны біраз адамдар басқаша сұхбат беріп, бұрмалап жатыр. Олай істеудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Сол күнгі түсірілген нәрсенің барлығын Қайраттың өзі полицияға алып кетіңіздер деп бұйрық берді. Менің рұқсатымсыз. Негізі 16 камераның 14 ауланың ішінде болған. Кім кірді, кім шықты, бәрі көрініп тұр. Содан міне 17 жыл өтті. Мен “өлтірді” деп айқайлағанда, неге балалары, қызы, бұрынғы әйелі неге маған қосылып бірге айқайламады? “Өз-өзін атпады” деп неге айтпады? Өз-өзін атты деп қол қойып берген солар ғой. Мен емес! Сондықтан да жүйкемді тоздырмасын. Зәкеңнің әруағына тыныштық берсін!”, - деді Мақпал Жүнісова.
Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы өз үйінде өлі табылды. Тергеу деректерінің қорытындысы бойынша, ол өз-өзін үш рет атқан.