Saturday, 5 October,2024

Жамбыл облысында 21 жастағы жігіт жас қыздың өліміне себепкер болды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысында жол апатынан 21 жастағы қыз мерт болды. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қайғылы оқиға туралы Жуалы ауданы әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

“2024 жылғы 25 мамырда Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бара жатқан “Тойота Камри" маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 21 жастағы азаматша оқиға орнында қаза тапты. Оның жолаушылары – 20, 17 жастағы тұлғалар және 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілген. Жағдайлары тұрақты, бақылауда.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, қажетті сараптамалар тағайындалды”, - делінген хабарламада.

Ұсынылатын