Жамбыл облысында 8-ші сынып оқушысы қаза тапты
Uaqyt.info

Жамбыл облысының Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылындағы мектепте оқушы қаза тапты. Осы дерек бойынша полиция іс қозғап, күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды”, - деп жазылған полиция хабарламасында.