- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- Жамбыл облысында аурухана басшылары 758 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Жамбыл облысында аурухана басшылары 758 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді. Оның айтуынша, осы қылмысқа қатысы бар екі күдікті қамауға алынған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қалалық көпбейінді ауруханасының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Залал сомасы 758 млн теңгеден асады. Соттың санкциясымен күдіктілер, аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», — деді Арман Тілеукенов.