Friday, 22 November,2024

Жамбыл облысында егіздің сыңары жұмбақ жағдайда көз жұмды

Uaqyt.info
Фото pixabay

Жамбыл облысындағы ауруханалардың бірінде 7 айлық нәресте жұмбақ жағдайда көз жұмды. Дәрігерлер себебін айтпай отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Almaty.tv арнасының хабарлауынша, қайғылы жағдай Жамбыл облысының Шу ауданында болған. Қайтыс болған нәрестенің анасының айтуынша, егіз баласының дене ыстығы көтеріліп, жөтелі тыйылмаған соң медининалық мекемеге жүгініпті. Дәрігерлер тиісті ем-домдарын жүргізгеннен кейін баланың бірі қан құсқан.

«Таңертең баланың іші ісіне бастады. Бізге зонд және тыныс алу аппаратын орнатқан болатын. Дәл сол зонд арқылы мұрыннан қан шығып отырған. Түні бойы бізге бірде-бір дәрігер жақындап, жағдайымызды сұрамады. Ал Тараздан келген мамандар ем қабылдай бастағанда, балапанымнан айырылып қалдық», - деді анасы.

Ал егіздің сыңары қазір Тараз қаласындағы емханада жатыр. Дәрігерлер балада пневмония бар деп, арнайы медициналық авиация арқылы облыс орталығына алдыртқан. Оның да жағдайы мүшкіл. Ақ халаттылардың айтуынша, тиісті ем-дом жасап жатыр.

«Бізге 10 сәуірде сағат 20:00-де Шу аудандық ауруханадан Семенова Ева 7 айлық қыз ауыстырылды. Ауысқан кезде жағдайы орташа хәлде түсті. Көрсетіп жатқан ем-шаралар хаттама бойынша жүргізіліп жатыр», – деді Балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Перизат Халықова.

Әзірге баланың нақты неден көз жұмғаны белгісіз. Полиция бұл дерек бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Ұсынылатын