Sunday, 24 November,2024

Жамбыл облысында екі бала бассейнге батып кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы демалыс орындарының бірінде кәмелетке толмаған екі бала бассейнге батып, көз жұмды деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 2 тамызда Меркідегі «Big Family» демалыс аймағының аумағында болған.

 «Демалушылар 2012 жылы және 2010 жылы туған екі баланың денелерін судан алып шықты. Олар ересектердің қарауынсыз және демалыс аймағының құтқарушыларының назарынан тыс қалып, көше бассейнінде жүзу кезінде суға батып, оқиға орнында қайтыс болды», – деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын