Жамбыл облысында есірткіге еліткен “террорист” ұсталды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Жамбыл облысында наркологиялық диспансерге бомба қойылды деп жалған хабар таратқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"8 сәуірде сағат 16.00 шамасында Меркі аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінде жарылғыш құрылғының орнатылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Тексеру барысында бұл ақпарат расталмады", - деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлерінің айтуынша, 20 жастағы тұрғын есірткіге мас күйде қоңырау шалғанын мойындаған. Ол бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған және есірткіге тәуелді ретінде есепте тұрған екен.