Saturday, 23 November,2024

Жамбыл облысында газ құбыры жарылып, жүздеген үй жылусыз қалды

Uaqyt.info
Фото

Жамбыл облысында газ құбырының жарылуы салдарынан 5 елдімекен жылусыз қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жамбыл облысы әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Жамбыл ауданындағы Қызылқайнар, Жасөркен, Жалпақтөбе, Қызылдихан, Гродеково ауылдарының тұрғындары газсыз отыр. Бұған Гродеково ауылындағы апат себеп. Алдын ала болжам бойынша құбыр қысымды көтере алмай жарылған. Қазір оқиға орнында қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апат бойынша арнайы комиссия құрылды.

«Жөндеу жұмыстары шамамен 4-5 сағат жүргізіледі деген ойдамыз. 10 жерден дәнекерлеу, жалғау жұмыстарын жүргізу керек. Әлеуметтік нысандардан 4 мектеп, 2 балабақша, 2 медициналық ғимарат жылусыз тұр. Оған байланысты жанар жағармаймен жұмыс істейтін арнайы құрылғы насостармен олардың жылу жүйесін айналдырып, қатып қалмау үшін әрекет жасалып жатыр», — дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібеков.

Ұсынылатын