- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Жамбыл облысында мешітте қайыр сұраған кішкентай қыздың анасына айыппұл салынды
Жамбыл облысында мешітте қайыр сұраған кішкентай қыздың анасына айыппұл салынды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Жамбыл облысының мешіттерінің бірінде қайыр сұраған қыздың анасына 51 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Әйелге "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және (немесе) оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша іс қозғалған. Бұл бап бойынша ол 51 мың теңге айыппұл төлеуге міндетті.
Айта кетейік, сотта әйел қызының не істеп жүргенінен бейхабар болған. Оның айтуынша, қызы мешітке кеткен кезде ол жұмыста болыпты. Ал кәмелетке толмаған қыз туысына еріп, мешіттегі жамағаттан қайыр тілеген.