Sunday, 28 April,2024

Жамбыл облысында қора өртеніп, 48 бас мал тірідей жанып кетті

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысының Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің қорасы өртеніп, 48 бас мал тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ТЖМ мәліметінше, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. Соның салдарынан қорада тұрған 47 ұсақ мал және бір жылқы тірідей үйтіліп кетті.

220 шаршы метрді шарпыған қызыл жалынды сөндіруге 7 құтқарушы және 2 бірлік техника жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта шығын көлемі анықталып жатыр.

Ұсынылатын