Жамбыл облысында құны 171 миллион теңге болатын вейп жойылды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Жамбыл облысында 50 мыңға жуық электрон темекісі жойылды, - деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
"Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстан Республикасының аумағына вейпті заңсыз әкелуге және айналымына қарсы күрес шеңберінде тиісті іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді, оның нәтижелері бойынша биыл тек Жамбыл облысында осындай үш факт анықталды. Тәркіленген вейптердің жалпы саны шамамен 175 мың дана болды, құны 350 миллион теңге", - делінген хабарламада.