Жамбыл облысында жер сілкінді
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Жамбыл облысында қуаты екі балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен сағат 11-14-те жер сілкінісі тіркелді, эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 308 км жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.2. MPV магнитудасы 5.3. Эпицентрдің координаттары 42.77° С. Е. 73.18° Ш. Б. тереңдігі 25 км.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Жамбыл облысының Мерке к. 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ. Мониторинг жүргізілуде.