Saturday, 23 November,2024

Жамбыл облысында жүкті әйел перзентханада суицид жасады

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Таразда 33 жастағы жүкті келіншек перзентханада көз жұмды. Сарысу ауданының тұрғыны өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға 10 сәуірде болған. Тараз қаласындағы облыстық перинаталдық орталығында 33 жастағы келіншек өз-өзіне қол салды. Ол жүктіліктің 16-шы аптасында болған. Марқұмның артында күйеуі және үш баласы қалды.

“Аталған фактіге байланысты құқық қорғау органдары өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр. Ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін жарияланады, – делінген басқарма мәліметінде.

Қазір осы дерек бойынша полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Ұсынылатын