Thursday, 19 September,2024

Жамбыл облысындағы өрт 300 гектар аумақты шарпыды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жамбыл облысында құрғақ шөп өртеніп жатыр. Қызыл жалын 300 гектар аумақты шарпыған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ (Аспара-Меркі орман шаруашылығы, 3-4 орамдары) аумағында таулы аумақта орын алған құрғақ шөп өрті сөндірілуде.

Орман шаруашылығының ақпараты бойынша өрттің алдын ала аумағы 300 гектарды құрайды.
Күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.
Елді мекендерге қауіп және зардап шеккендер жоқ.

Ұсынылатын