Friday, 22 November,2024

Жамбыл облысындағы республикалық автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 1 облысында республикалық маңызы бар 1 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 км болатын 1 автожолда боранға, жолдың көрінуі нашар болуына байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу екнгізілді:

1. "Алматы-Ташкент-Термез" автожолы, Кенен ауылынан - Қайнар ауылына дейінгі аралық (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады).

Аталған учаскеде көліктердің жиналуы байқалмайды.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарға 414 бірлік техника және 841 адам жұмылдырылды.

Ұсынылатын