Saturday, 27 April,2024

Жамбыл облысындағы жарылыс: Әскери сот 18 адамның өліміне 2 жауынгерді кінәлі деп тапты

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл іске байланысты 6 адам айыпталып отыр. Шымкент гарнизонының әскери соты 18 адамның өліміне қатардағы қос жауынгерді айыпты деп танып, әрқайсысы 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info Zakon.kz-ке сідтеме жасап.

Сондай-ақ, сотталған сарбаздар 25 миллиард теңге шығынды өтеуге міндеттелді. Ал тергеу кезінде күдікті деп танылған төрт офицер ақталды. Оқиға кезінде әскери бөлім бастығының міндетін атқарған Аслан Бақытжанов, оның орынбасары Руслан Несіпқалиев пен екі офицер Ерлан Бошай мен Берік Омарбеков шендерінен айрылғанымен, кінәсіз деп танылды. Судья 82 адам жараланып, 18 әскеридің өмірін қиған жарылысқа қатардағы жауынгер Әсет Әшірбай мен Ерболат Тұранов айыпты деп танып, олардың әрқайсысына 9 жылдан жаза кесті. Бұл

"Тұранов Ерболат, Әшірбай Әсет әрқайсының жәбірленуші өтемақы қорына 15 айлық есептік көрсеткіш 43 мың 700 теңге сомасын мәжбүрлі түрде өтейді", - деді Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы Бөрлібай Қайыпов.

Үкім оқылып жатқан сәтте сотталған сарбаздар мен туыстарының айғайға басты. Жауынгерлерді әкетіп бара жатқанда артынан қаумалаған жақындары сот өкілдері және әскерилермен жаға жыртысты. 9 жылға бас бостандығынан айрылған сарбаздардың туыстары тергеу кезінен бастап 22 жастағы жігіттерге қысым көрсетілгенін айтып отыр.

Ал сарбаздардың адвокаты сот барысында келтірген бірде бір дәлеліміз назарға алынбады дейді. Әскери борышын өтеп бітуіне бір ай ғана қалған қос сарбаз 3 қабат қорғанышы бар тас қамал қойманы бұзып, шүберекпен өрт шығарды деген миға сыйымсыз деп отыр.

Еске салайық, әскери бөлім қоймасындағы жарылыс 2021 жылдың тамызында болған еді. Жарылыс салдарынан 82 адам жараланып, 18 адам қайтыс болған.

Ұсынылатын