Saturday, 18 May,2024

Жәмилә Бақбергенова 3 дүркін Азия чемпионы атанды

Uaqyt.info
Фото beksport

Жәмилә Бақбергенова Астанадағы Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Сүйінші жаңалықты Telegram-дағы BEK sport арнасы хабарлады. Онда 72 келі салмақта күресетін Жәмилә Бақбергенованың жапониялық Сумире Никураны сенімді ұтқаны жазылған. Ол - сары құрлық бәсекесінде 3 мәрте жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ балуаны.

Айта кетейік, Жәмилә - былтыр Моңғолияда өткен құрлық бәсекесінің жеңімпазы. Қазір еншісінде Азия чемпионатының  5 (3 алтын, 1 күміс, 1 қола) медалі бар.

Ұсынылатын