Saturday, 18 May,2024

Жәмилә Бақбергенова финалда күреседі

Uaqyt.info
Фото BEK sport

Жәмилә Бақбергенова (72 кг) Астанадағы Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Telegram-дағы BEK sport арнасының жазуынша, бүгін кешке  отандасымыз жапониялық Сумире Никурамен күреседі. Қазақстандық ширек финалда тайбэйлік Пинг Цен Хонгты, сосын жартылай финалда моңғолиялық Даваанасан Энкх Амарды таза ұтты.

Жәмилә - былтыр Моңғолияда өткен құрлық бәсекесінің жеңімпазы. Ол осыған дейін Азия чемпионатында 2 алтын, 1 күміс, 1 қола алған.

Ұсынылатын