Saturday, 23 November,2024

Жаңа жыл қарсаңында неліктен азық-түлік бағасы шарықтап кетеді? Министр жауап берді

Uaqyt.info
Фото

Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин мереке қарсаңында азық-түлік бағасы шарықтап кететінін айтып, сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиевке бірнеше сауал жолдады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Баға жаңа жыл қарсаңында – сыйақы алған кезде көтеріледі. Сонымен қатар мерекелерге, ауа райының күрт төмендеуіне, жанар-жағармайдың қымбаттауына, газдың тапшылығына байланысты көтерілген. Біреу түшкіріп, жөтелсе де ауыл шаруашылығы тауарларының бағасры қымбаттай беретін болған. Сіз айтқандай, бұл 4-5 пайызға дейін емес, одан да көп пайызға қымбаттап кеткен. Осы жағдайды көре тұра, біз қалай бағаны басқарып отырмыз деп айтуға болады? Басқарып отырған жағдайдың өзінде де, неліктен жаңағы аталған факторларға тәуелді болып отырмыз? Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шаруалардың жағдайын жасау үшін қандай жұмыстармен айналысып жатырсыздар?” - деді депутат.

Министр Арман Шакқалиев маусымаралық кезеңде баға өсуі заңдылық екенін айтты.

“Сонымен қатар дүрліктіруді болдырмас үшін, тапшылыққа жол бермеу үшін азық-түлікті сақтау қоймалары болуы керек. Бізде әр кезде өзіміздің тауар болуы қажет. Айта кетейік ондай жағдай (ажиотажды жағдай – ред.) қантқа сұраныс артқанда болған. Тапшылық болмауы үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінде жол картасы бар. Ал біз бағаның үстемдігіне қараймыз. Делдалдарды жою шаралары да қарастырылды, - деп жауап берді министр.

Ұсынылатын