Friday, 17 May,2024

Жаңаөзенде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті

Uaqyt.info
Фото ТЖМ

Жаңаөзендегі көпқабатты үйде жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша газ жарылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Telegram-дағы ТЖМ арнасы хабарлады. Оқыс жағдай 17 сәуірде сәуірде таңғы сағат 5 шамасында  болған. Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағын ауданда  екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылған.

Соның салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қирап, 11 адам зардап шекті. Денсаулығына зақым келген адамдардың барлығы медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Оқиға орнында үйіндінің арасын ашу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы  және кинологиялық есептоп, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдары жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жаңаөзендегі жарылысқа байланысты жедел штаб құрылған.

Ұсынылатын