Friday, 22 November,2024

Жаңаөзендегі жарылыстан бір адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жаңаөзендегі көпқабатты үйде болған жарылыстан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мangystaumedia.kz сайтының мәліметінше, жарылыс салдарынан 1994 жылы туған бір адам қайтыс болған. Ауыр жарақат алған екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендердің бірінде денесін 80 , екіншісін 50 пайызын күйік шалған. Тағы үшеуі - травматология бөлімінде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңға жуық Жаңаөзендегі көпқабатты үйде газ жарылған болатын. Оқиға орнында қазір аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жүр. Жарылысқа қатысты сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдыр жүргізіліп жатыр.

Ұсынылатын