Thursday, 19 September,2024

Жанармай тиеген жүк көлігі жанып кетті

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Алматыда жанар-жағармай тиеген жүк көлігі өртенді. Абырой болғанда жүргізуші жанармай құю станциясынан көлікті қауіпсіз орынға сүйреп үлгерген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оқиға Түрксіб ауданында тіркелді. Жүк көлігінің жанған бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған. Онда өрт сөндірушілердің дер кезінде жетіп сөндіріп алғаны да айтылады.

"Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне Түрксіб ауданы Бұрындай көшесі, 79 В үйдің жаныда өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер құрамында 13 адам, 2 техникамен оқиға орнына жеткенде ГАЗ 47-532 112 жүк автокөлігі ашық жалынмен жанып жатты. Жанған автокөліктің жүргізушісі жанармай құю станциясынан көлікті қауіпсіз орынға сүйреп үлгерген", - делінген қалалық ТЖД ақпаратында.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан көліктен сегіз бөшкені эвакуациялады, оның үшеуі жанармайға толы болған.

Ұсынылатын