Sunday, 28 April,2024

Жаңарқада жұттан жылқылар қырылып жатыр

Құрмантай Жантелі
Фото ашық дереккөзден

Ұлытау облысында жұттан жылқылар қырылып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы леуметтік желідегі парақшасында танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жазып, дабыл қақты. Ол малдары қырылып жатқан ағайынға көмек қолын созуды сұрап, билікке үндеу тастаған.

“Менің туған Жаңаарқамда экологиялық апат басталып жатыр.

Қыста аязда жылқылар корек табамын деп, тұяқтары мұз астында қатып қалды.

Екі жарым мың жылқыдай үсіп өліп жатыр.

Жылқышыларға шұғыл көмек керек!!!

Өйткені күн жылып қар еріген кезде мал өлексесі іріп-шіріп жаппай ауруға әкеледі!

ТЖМ Жаңаарқаға шұғыл түрде бару керек.

Әйтпесе үлкен биологиялық апат күтілуде!!! Ұлытауға көмектесетін депутаттарымыз қайда?!, - деп жазды Динара Сәтжан.

Ұсынылатын