Жанат Бақытқа ренжудің қажеті жоқ – Мұхамеджан Тазабек
Алмас Абылай
Фото
Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек ел арасында өзін жаратушының елшісімін деп жүрген Жанат Бақытқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алланы демалысқа жіберіп, жаратушының дәуірі келді деп жар салып жүрген Жанат Бақытқа қатысты пікірін Мұхамеджан Тазабек өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады. Онда айтыскер ақын журналистің сөздеріне иланбауға шақырған. Оның айтуынша, иманы берік адам қияли қисынсыз әңгіменің соңынан ермейді.
“Расында, өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Бүгін былай, ертең олай. Жанатқа ренжіп қажеті жоқ. Бір Құдайға иманымыз дұрыс болса, мың сиқыршы алдап, мың көріпкел көз байласа да Алла ақиқаттан адастырмайды. Асқазан бүлінсе, аузыңа ұшық шығады, маңайың бықси бастаса, көк шыбын бір жерден ұшып шығады... Ұшық пен көк шыбынға ренжігеннен пайда жоқ”, - деп жазды Мұхамеджан Тазабек.