Sunday, 10 November,2024

Жаназадан шыққан соң басқа үйге баруға бола ма?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Халық арасында жаназадан шыққан соң өзге үйге баруға болмайды деген түсінік бар. Осыған қатысты имам Нұрлан Байжігітұлы жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ерекше уағыз айту стилімен танылған Нұрлан Байжігітұлы көптің көкейінде жүрген сауалға жауап берді. Имамның айтуынша, жаназаға барған адамдардың тек сүйекке түскендері ғана өз үйіне қайтады, ал қалғандарына бұл міндетті емес.

“Жаназадан шыққан адам басқа үйге бармайды деген сөз бар. Ол қандай жағдайда? Ол - мәйіт жуған адамдар. Қайтыс болған еркекті ер адам жуған кезде, сол мәйіт жуған адамдар, жуып болысымен, бірден үйіне барып өзі шомылуы керек. Ол сүннетпен бекітілген, медицинамен дараланған дүние. Неге? Мәйіт деген, қанша адам болса да, ол қайтыс болған кезде, одан белгілі нәрселер бөлінеді. Сондықтан мәйіт жуғаннан кейін бөтен үйге барған жақсы емес”, - деді Нұрлан Байжігітұлы.  

Ұсынылатын