- Басты жаңалықтар
 - Оқиға
 - Жаңажол кенішіндегі газ өңдеу зауытында алапат өрт болды: Төрт жұмысшының жағдайы ауыр
 
Жаңажол кенішіндегі газ өңдеу зауытында алапат өрт болды: Төрт жұмысшының жағдайы ауыр
                     Uaqyt.info 
                    
  
                    
  
                
                
                         Фото Ашық дереккөзден
                                                        Ақтөбе облысындағы газ өңдеу зауытындағы алапат өрттен 4 адам зардап шекті. Күйік шалғандар ауруханада Жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе облысы Жаңжол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытындағы өрт 1 мамырда болған. Қызыл жалынды сөндіруге 52 құтқарушы мен 9 техника жұмылдырылды.Тілсіз жаудан 4 жұмысшы зардап шекті. Олар Темир ауданының орталық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Өрттің неден шыққанын мамндар анықтайтын болады.
            


