Жанболат Мамай 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды
Uaqyt.info
Фото serke.org
Тіркелмеген “Демпартия” жетекшісі, саясаткер Жанболат Мамай 6 жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жанболат Мамай қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған ҚК 274 бабы (Жалған ақпарат тарату), 378 бап (Билік өкілін қорлау) және 272 бап (Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру) бойынша айып тағылған еді. Сондай-ақ саясаткерге 6 жылға журналистік және қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салынды. Мамай сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсіретінін айтты.
"Жанболат Мамай кінәлі деп танылды. Сот жазаны тағайындау кезінде сотталған адамның мінез-құлқы және үш жас баласының болуын ескерді. Айыпты ауырлататын жағдайлар есептелмеді", - деді Алматы сотының баспасөз қызметі.