Saturday, 23 November,2024

“Заңдағы ұры” Шакро Молодой мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Шакро Молодой лақап атымен танымал Захарий Калашов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Краснодар аймағына қарасты Усть-Лабинск аудандық соты Шакро Молодойдың денсаулығына қатысты осындай шешім шығарды.

Айта кетейік, қылмыс әлемінің серкесі 2018 жылы 10 жылға сотталған болатын. Оған бопсалау бойынша қос бірдей айып тағылған еді.

Ресейдің ықпалды авторитеттерінің бірі әрі бірегейі саналатын Шакро Молодой бұрын да бірнеше рет істі болған. Тіпті оны Грузия мемлекеті сырттай 18 жылға соттап жіберген.

Ұсынылатын