Saturday, 23 November,2024

Жанды дауыста ән салған Мақсат Толықбай Республика сарайын аяғынан тік тұрғызды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыдағы Республика сарайында өткен Ринат Зайытовтың шығармашылық кешінде депутат Мақсат Толықбай өнер көрсетті. Ол әріптес-досының сөзіне жазылған әнді 3000 көрерменнің алдында орындады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың “Абайлаңыздар” атты концертінде ине шаншар орын болған жоқ. Онда айтыскер ақынның сөзіне жазылған танымал әндер шырқалып, ақынның  отты жырлары оқылды.

Кеш барысында Ринат өзінің әріптесі әрі бауыры Мақсат Толықбайға қолқа салып, көптің алдында ән орындап беруін өтінді. Ал өз кезегінде депутат ерекше дауысымен көптің таңдайын қақтырып, қошеметке бөленді.

Әлеуметтік желіде Мақсат Толықбайға қатысты түрлі пікір жазылып жатыр.

“Мақсат Толықбайдың осындай өнері бар екенін білмеппін. Дауысы ғажап екен”, “Көз тимесін. Жігітке жеті өнер де аз деген осы”, “Жанды дауыста ән айтқан Мақсатқа ырзамын. Көп әншілер бас киімін шешті-ау”, “Өте керемет кеш болды. Депутаттар да өзіміз секілді адамдар”, “Осы неге депутаттар өйтті, бүйтті деп сөге бересіңдер. Ән айтса, нақышына келтіріп орындады. Көп әншілерден өнері көш ілгері Мақсаттың”, - деп жазды желі қолданушылары.

Ұсынылатын