Saturday, 18 May,2024

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсірді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) канадалық Стивен Батлерді (32-3-1, 26 КО) нокаутпен жеңді. Айқас небәрі екі-ақ раундқа созылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

АҚШ-тың Стоктон қаласында өткен бокс кеші қазақ жанкүйерлері үшін зор қуанышпен аяқталды. Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын екінші раундта екі рет нокадаунға түсіріп, одан кейін күшті соққысымен Батлерді нокаутқа жіберді.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы он төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғады.

Ұсынылатын