Saturday, 18 May,2024

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Алмас Абылай
Фото Facebook.com/Берік Сұлтан

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) 13 мамырда жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды, Uaqyt.info.

Бұл жаңалықты боксшының менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады. Онда Жәнібектің қарсыласы канадалық Стивен Батлер екені айтылған.

 «Ресми! Бұйыртса, жекпе-жек 13 мамырда өтеді. Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпиондық титулын екінші рет қорғайды. Қарсыласы канадалық Стивен Батлер. Жасы 27-де. Рекорды: 32 жеңіс, 3 жеңіліс. WBO рейтингінде 6 орындағы қарсылас. Тартысты кездесу күтіп тұр! Qazaq style-ға сәттілік! Жеңісті күнде жүздесейік!», - деп жазды Берік Сұлтан.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін былтыр қарашада британдық боксшы Дензел Бентлиге қарсы өткізіп, WBO белбеуін қорғап қалған болатын.

Ұсынылатын