Sunday, 28 April,2024

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (14-0, 9 КО) кезекті қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Жәнібек Әлімханұлының PR-менеджері Берік Сұлтан өзінің facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Ресми! Екі әлем чемпионы жұдырықтасады! 14 қазан. Техаста! Қарсылас IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Рекорды 21-0. Германиялық. Жасы 30-да. Бұл - біздің мансабымыздағы ең үлкен жекпе-жек. Титул біріктірер сәт. Екі тұжырымда әлем чемпионы атанатын уақыт! Құдай қаласа, әлемді шулатамыз. Тарих жасаймыз!” - деп жазды Берік Сұлтан.

Айта кетейік, қос чемпионның айқасы 14 қазанда Розенбергтегі Fort Bend Epicenter аренасында, Хьюстон маңында (Техас штаты) өтеді.

Ұсынылатын