Thursday, 19 September,2024

"Заңнан қорықпаймын, к...н айырамын". Журналист Асқарбек Қазанғап жасырын секта жайлы бағдарламасы үшін қорқыту басталғанын мәлімдеді

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Журналист Асқарбек Қазанғап елдегі жасырын секта жайлы бағдарламасынан кейін ашық қорқытулар басталғанын айтты. Тіпті олар аудиожазбасында мемлекет заңынан да қорықпайтынын меңзеген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Асқарбек Қазанғап Facebook-тегі парақшасында айтты. Сөзіне сүйенсек ол өз бағдарламасында елімізде қой терісін жамылған қайырымдылық қорының шынайы мақсатын әшкерелеген. Яғни "Жібек жолы" қорының "Сүлейменшілерге" қатысы барын ашыпты. Бірақ дәл осы бағдарламасынан кейін әлгі ұйым мүшелері журналисті қорқытуды бастаған. Тіпті балағат сөздері аралас аудио жазбасын да жіберіпті. Онда Қазақстанның заңына пысқырмастан тілшінің к...н айыратынын айтады.

"Ертең арандатудың құрбаны болмас үшін бүгін осы үндеуді жариялап отырмын! Қазақстан заңын мойындамайтын, Америка мен Түркияға арқа сүйейтін Нұрбақыт Меллет секілді "Жібек жолының" жақтастарын жауапқа тартуды сұраймын", - дейді журналист жазбасында.

Сондай-ақ, ол қорқытушыны жауапқа тартқызу үшін бірқатар құзырлы органды да белгілеген. 

Ұсынылатын