Жанқош Тұраров титулынан айырыла ма?
Uaqyt.info
Фото Vesti.kz
Алматыдағы бокс кешін ұйымдастырған Movida Promotions компаниясы лицензиясынан айырылғаннан кейін Тұраров титулын қайтарып береді ме? Көптің көкейіндегі сұраққа бокс федерациясы жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Болат Манкенов бұл туралы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Movida Promotions компаниясының лицензиясынан айырылуы - IBO белбеуін жеңіп алған Жанқош Тұраровқа (27-0, 20 KO) ешқандай әсер етпейді.
"Федерация боксшыларға қарсы ешқашан санкция қолданған емес. Біз жігіттеріміздің жетістіктерін үнемі қолдап жүреміз. Жанқош Тұраров қарсыласын лайықты жеңіп, титулға ие болды. Оның жекпе-жегі есепке алынады. Титулды алмаймыз. Санкция ереже сақтамаған промоутерлік компанияларға ғана қарсы қолданылады", - деді Манкенов.