Жаңқош Тұраровтың бокс кешін ұйымдастырған компания лицензиясынан айырылды
Алмас Абылай
Фото bassport.kz
Алматыдағы бокс кешін ұйымдастырған Movida Promotions компаниясы лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы хабарлады. Ондағылардың айтуынша, Әлімжан Қалдияров негізін қалаған Movida Promotions компаниясы лицензиядан айырылды. Айта кетейік, бұл компания Жаңқош Тұраровтың чемпиондық айқасы өткен Алматыдағы бокс кешін ұйымдастырған болатын. Әзірге компанияға қатысты не үшін мұндай шешім қабылданғаны белгісіз.