Saturday, 23 November,2024

Жансая Әбдімәлікпен бас қосқан жігіттің Мәсімовпен жақындығы бар боп шықты

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлікпен бас қосқан Нұрахмет Нұриевтің күні кеше сотталған Кәрім Мәсімовке жақындығы бар болып шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы журналист Ришат Асқарбекұлы Facebook-тегі парақшасында жазды. Сөзіне сүйенсек, күйеу баланың анасы Айгүл Нұриева Мәсімовтің әмиянын ұстаған, барлық қаржылық шаруашылығына жауап берген. Тіпті әйел Форбстағы 50 бай адамның қатарында екен.

"Айгүлдің әкесі Шамалғанда туған, АГУ-де оқытушы болған. Сосын бірінші президенттің кезінде Қауіпсіздік Кеңесін басқарыпты. Ал ағасы Қанат Нұриевтің ұлы Нұрахмет жақында Жансаяны алып, шетелде той жасаған. Ол былтыр желтоқсанда Эдуард Огайдың орнына "Қазақмыс-қа" басқарма төрағасы болып қызметке барған. Шахматшы қыздан 11 жас үлкен. Қысқасы қыз жаман жерге бармапты. Мәсімовке үкім шыққанда желіге Нұрахмет пен Жансаяның фотосын лақтыра салды ғой. Негізі той бұрынырақ өткен. Сот пен тойдың арасында осындай байланыс бар", - дейді жазбасында.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық шахматшы қыздың 34 жастағы жігіке тұрмысқа шыққанын жазған едік.

Ұсынылатын