Thursday, 19 September,2024

Жансақтау бөліміне бірнеше адам түскен: Жамбыл облысында 26 көлік соқтығысқан ірі жол апаты болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" республикалық маңызы бар тас жолының бойында ірі жол апаты болды. Соның салдарынан 25 адам зардап шекті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ірі жол апаты Жуалы ауданына қарасты Нұрлыкент ауылының маңында болған. Көктайғақ пен тұманның салдарынан 26 көлік бір-бірімен соқтығысты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ақпаратынша, жол апаты салдарынан 25 адам, оның ішінде 1 бала зардап шекті. Қазіргі уақытта 4 адам жансақтау бөлімінде, 5 науқас хирургия бөлімінде жатыр. Тағы 15 адам түрлі дене жарақатын алған.

"Оқиға орнында ТЖД-дан жеке құрамның 25 адам және 8 техника, полиция департаментінен 8 адам 4 техника, Апаттар медицинасы орталығынан 2 қызметкер және 1 адам, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы 8 адам және 4 техника жұмыс істер жатыр", - делінген ТЖД мәліметінде.

Ұсынылатын