Saturday, 23 November,2024

«Жанымызды шүберекке түйіп отырмыз». Төреғалидың қарындасы елді алаңдатып қойды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қатерлі дертке байланысты Түркияда тексеруден өтіп жатқан Фариза Төреәлінің қазіргі жағдайы айтылды. Сіңілісі Дина Төреәлі дұға етіп отырған барша оқырманына алғысын жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Сіздерге бір шықпасам өз-өзіме сыйып отыру мүмкін емес болып бара жатқан сияқты. Күндіз-түні келіп жатқан толассыз хаттар, уайымдап шын ниетпен жазып жатқан, дұғада отырған әр оқырманға Алла разы болсын. Бір нақты жауабын күтіп сіздерден де бетер жанымыз шүберекке түйіліп отырғанына бір аптадай уақыт болыпты. Бәріңіз бір хабар күтіп отырғандарыңызды білемін. Алайда Фаридің анализдерінің жартысы әлі дайын болмады. Соны күтудеміз. Осы жағдай өмірімде орын алған күннен бастап, түйгенім көп. Ішімдегіні айтып бастарымды да білмеймін. Уайымдама деп жазу да, айту да оңай. Бірақ Алламен байланысты дұрыстап, тоқтаусыз дұға еткеннің арқасында жүрек ақырын тыныштық тауып бір жақсылыққа сенуде”, - деп жазды блогер.

Ұсынылатын