Saturday, 23 November,2024

Жапониядағы зілзаладан 80-ге жуық адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жапонияда болған жойқын жер сілкінісінен 80-ге жуық адам қаза тауып, 200-ден астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Айта кетейік, 1 қаңтарда Исикава префектурасындағы жер сілкінісі кезінде 78 адам көз жұмды. Ресми билік құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын, көз жұмғандардың саны артуы мүмкін екенін айтып отыр. Зілзаладан 231 зардап шеккен. Оның 29-ы ауыр халде ауруханада жатыр.

Естеріңізде болса, Жапонияда қуаты 5,7 және 7,4 болатын екі жер сілкінісі болды. Соның салдарынан енді елде цунами болуы мүмкін. Uaqyt.info президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдағанын бұған дейін жазды.

 

 

Ұсынылатын