Saturday, 23 November,2024

Жаппай төбелес ұйымдастырған мектеп оқушыларына қатысты полиция пікір білдірді

Uaqyt.info
Фото

Әлеуметтік желіде тараған жантүршігерлік видеоға қатысты Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде Іле ауданы Жапек батыр ауылындағы мектептердің бірінің оқушылары төбелескен бейне анықталды.

Аталған дерек дереу аудандық полицияда ҚР ҚК 293 бабы бойынша тіркелді. Тексеру барысында 29 қараша күні 2008 жылғы 9 сынып оқушысы мен 2007 жылғы 10 сынып оқушысы арасында келіспеушіліктер туындап, кейіннен жаппай төбелеске ұласқаны анықталды.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері басталды. Сондай-ақ, психологтардың қатысуымен осы оқиғаға қатысушылармен профилактикалық тәрбие жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар, жоғарыда аталған жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127, 435-баптары бойынша 17 әкімшілік хаттама толтырылды”, - деп жазды Бауыржан Әленов.

Ұсынылатын