"Жақында той". Күйеуі бар Мәдина Сәдуақасова кімге үйленбекші?
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Танымал әнші Мадина Садуақасова әлеуметтік желідегі парақшасында той көйлегін киген видеосын жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды. Ол жақында той болатынын жеткізген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Жақында той", - деп жазды әнші.
Алайда осы видеоның астына әншінің оқырмандары көптеген пікір жазған. Бірі әншінің кезекті хайпы десе, енді бірі әншіні 40-та қылық шығарды деп сынаған.
"Той тойға ұлассын", "Мен сізді тағы да күйеуге шықты ма деп қарап отырсам", "Үшінші рет па?", "Той көйлегін кигің келіп жүр ме?", "45-ке келсе де әлі қоймайды осы", "Ойбай, қайда жиналдыңыз?", "Құтты болсын", "Екінші күйеуге шыгасың ба?", "Тағы байға тиесің ба?", "Тағы да байға шығып жатсыз ба?", - деп пікір қалдырған оқырмандар.